BANNER

ЖОО-ларға қанша грант бөлінді

Фото: unsplash.com

Ғылым және жоғары білім министрі 2024 жылғы 18 наурыздағы бұйрықпен 2024-2025, 2025-2026, 2026-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі  BAQ.KZ сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 2024-2025 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 78 219 грант бөлуді көздейді, оның ішінде

Педагогика ғылымдары-13 735 грант.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - 10 903.
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 19 344.
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика-8288.
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар-2673.
Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1765.
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат-1185.
Бизнес, басқару және құқық-1323.

Сондай-ақ Үкімет айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарынан қазақстандықтарды оқытуға мемлекеттік тапсырыс бөлінді, оның ішінде:

Педагогика ғылымдары-2513.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-384.
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 934.
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар-72.
Шетелдік азаматтарды халықаралық келісімдер бойынша оқытуға – 365.

Сондай – ақ білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді (магистратура) - 13 119 грант.

Бұйрық 2024 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.