BANNER

Су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардың алдын алу туралы тұрғындарға жадынама

-

📌 Облыс аумағында қардың қарқынды еруіне байланысты су айдындарында су деңгейінің өсуі байқалады, су тасқыны жағдайы қарқынды өзгеруде.
 Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарына су тасқыны микробтық және вирустық ластану көздерінің суға түсу қаупі екенін еске салады.  Өзендердің тасуы су сапасының нашарлауына әкеледі. Жедел ішек инфекцияларының және паразиттік аурулардың су жолымен таралу қаупі болуы мүмкін. Бұл, ең алдымен, іш сүзегі, дизентерия, вирустық этиологияның жедел ішек инфекциялары сияқты жұқпалы ауруларға қатысты.
Сонымен қатар, көптеген аурулардың тасымалдаушысы болып табылатын кеміргіштер мен ұсақ жануарлар су тасқынынан қашып, тұрғын үйлер мен ғимараттарға асығады, сондықтан адамның жұқпалы және паразиттік аурулармен (лептоспироз, туляремия, бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба, иерсиниоз, токсоплазмоз, псевдотуберкулез және т. б.) жұқтыру қаупі едәуір артады.

⚠️ Су тасқыны кезеңінде жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында тұрғындарға кеңес береміз:
-Бөтелкедегі судың, жарамдылық мерзімі ұзартылған азық-түліктің қорын жасау, оларды су тимейтін жерде мүмкіндігінше жоғары орналастыру;
-Тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды ішу және тамақ пісіру үшін пайдалану;
-Тасқын суға малынған тамақ өнімдерін пайдаланбау;
-Көкөністер мен жемістерді сумен (бөтелкеде немесе қайнатылған) жақсылап жуу, қайнаған сумен шаю. 
-Егер аурудың алғашқы белгілері пайда болса өз бетімен емдемей, дереу медициналық көмекке жүгіну.

Су тасқынынан кейін
Ауланы су әкелген қоқыстардан тазартып оларды қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына апару;
Үй ауласында жұмыс істегенде, ластанған қолдардағы инфекция ағзаға енбеуі үшін қолды қорғау құралдарын пайдалану, жұмыс кезінде тамақ ішпеу немесе темекі шекпеу;
Үй ауласында жұмыстарды орындау кезінде шаңның пайда болуына байланысты ауыз бен мұрынды медициналық маскамен немесе дәке таңғышымен жабу.
Су басқан жерлерде бұлақтардан су ішпеу және тұрмыстық қажеттіліктер үшін табиғи су қоймаларының суын пайдаланбау, ішу үшін бөтелкедегі суды пайдалануды ұсынамыз.

✅ Есіңізде болсын, күнделікті өмірде, төтенше жағдайда қарапайым гигиеналық ережелерді сақтау, сондай-ақ осы ұсынысды орындау көптеген аурулардан қорғайды.