Синоптиктер 8 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде қар аралас жаңбыр жауады.
Республиканың орталығында және күндіз солтүстігінде нөсер жауын жауады деп болжанып отыр. Тек оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Синоптиктердің болжамына сәйкес республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің солтүстік-батысында, шығысында және оңтүстігінде найзағай ойнайды, оңтүстікте бұрқасын болады.