Сұрыптауда биыл шұңқырлы жөндеу жүргізіледі. Көшелер құрғағаннан кейін жолдарды ретке келтіру жұмыстары басталады.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бүгін таңертең жұмыс күнін Сұрыптау шағын ауданының көшелерін жаяу аралаудан бастады. Көшелер мен аулаларды санитарлық тазалау жоспары туралы Әлихан Бөкейхан ауданыеың әкімі Досбол Кулекеев баяндады.
Жалпы, 11 км жолды жөндеу жоспарланған. Жолдардан бөлек, жергілікті билік көктем келгелі ойын алаңдарын, аула аумақтарын қалпына келтіруді де назарға алып отыр. Тұрғындардың өтініші бойынша футбол алаңы салынады.
Жергілікті өзін-өзі басқару өкілі Ирина Легчилина да күн сайын таңертең жаяу жүруден бастайды, көшелерді тазарту жұмыстарын бақылайды.
– Біздің тұрғындар өз аумақтарын тазалауға шыға бастады. Біз тазалықты сақтауға тырысамыз. Міне, бүгін сенбілік жоспарланған болатын, әктеу жұмыстарымен айналысқымыз келді, бірақ ауа-райы жоспарымызды аздап бұзды, – деді Ирина Легчилина.
Облыс әкімі Сұрыптау тұрғындарына белсенділігі үшін алғысын білдіріп, аудан әкіміне алдағы күндері тазалау бойынша кемшіліктерді жоюды тапсырды.