BANNER

Қарағандыда гуманитарлық көмек жинау жөніндегі өңірлік штабтың жұмысы жалғасуда

АНК

Қазақстан халқы Ассамблеясы жариялаған «Жүректен жүрекке» республикалық акциясы аясында Қарағанды қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау жөніндегі өңірлік штаб жұмысын жалғастыруда.

Бүгінгі таңда Қарағанды штабының жинау пунктіне 3,5 тонна ұн, 545 кг макарон, 305 литр өсімдік майы, 257 кг күріш, 255 кг қарақұмық, 189 кг қант, 248 литр жуғыш зат, жеке гигиена құралдары, резеңке етік, төсеме-шатыр және т.б.жеткізілді.

Гуманитарлық көмек қабылдау жұмысы одан әрі жалғастырылуда

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін резеңке қайықтар, төсеме-шатырлар, төсеме-қапшықтар, резеңке етіктер, матрацтар, жастықтар, көрпелер, төсек-орын жабдықтары, электр құралдары, генераторлар, құм дорбалары, прожекторлар, фонарьлар (шахтерлер басына киетін фонарьлар), күректер, орамдағы полиэтилерон пленкалары қажеттігіне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, гуманитарлық көмек жинау пункті Қарағанды қаласы, Шахтерлер даңғылы, 64 мекенжайындағы Достық үйінің ғимаратында орналасқан.

Достық үйі өкілдерінің байланыс телефондары:

(ұялы) 8707 872 89 28,

(ұялы) 8 775 921 19 20.

Қаржылық көмек көрсетуді қалайтындар үшін шот деректемелері:

Атауы: ҚР Қызыл Жарты Ай ААҚ КОФ

ЖСН (БСН): 950241002154

КБе: 18

Банктің атауы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ

БИК: HSBKKZKX

ЖСК: KZ056017191000006681