Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатындағы төртінші матчында жеңіске жетті,- деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Андорраның Канильо қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Бельгияны ойсырата ұтты. ІІ дивизиондағы әлем біріншілігінің А тобында өнер көрсетіп жатқан құрамамыз қарсыластар қақпасына 9 шайба салып, өз қақпаларына 2 шайба жіберіп алды. Құрама сапында Лариса Свиридова, Дильназ Саяхатқызы, Екатерина Куценко, Малика Алдабергенова (дубль), Анна Пяткова, Карина Фельзинк, Перенеш Әшімова) және Александра Шегай көзге түсті.