BANNER

МӘМС БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

-

Облыс кәсіпорындары арасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. «Теміртау электрометаллургиялық комбинаты» АҚ ұжымымен кездесу өтті.

Қор филиалының өкілдері МӘМС туралы ағымдағы жылғы жарналар көлемі, сақтандыру мәртебесін тексеру тәсілдері және медициналық көмек түрлері сияқты көптеген мәліметтермен бөлісті. Кездесу барысында комбинат қызметкерлерін толғандыратын өзекті мәселелер талқыланып, назарға алынды.

Жоспарлы және шұғыл түрде 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге стоматологиялық көмек көрсетіледі. 
Шұғыл тәртіпте азаматтардың жекелеген санаттарына: ҰОС ардагерлеріне; 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдар; атаулы әлеуметтік көмекті алушылар, жасы бойынша зейнеткерлер, инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулармен және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар, мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар балаға күтім жасаушы жұмыс істемейтін адамдар, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар.

Естеріңізге сала кетейік, стоматологиялық көмекті емханадағы стоматологиялық кабинеттен де, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан жеке стоматологиялық клиникалардан да алуға болады.