Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгарттағы (Германия) турнирінің финалында украиналық Марта Костюкпен кездесіп, жеңіске жетті,-деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.
Рыбакина Костюкты екі сетте – 6:2, 6:2 ұпайымен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Бұған дейін турнирде Елена Рыбакина ресейлік теннисші Вероника Кудерметованы (19-орын) – 7:6, 1:6, 6:4, италиялық Жасмин Паолиниді (14-орын) – 6:3, 5:7, 6:3, Ига Швятекті (1-орын) – 6:3, 4:6, 6:3 есебімен жеңген. Ал Марта Костюк финалға дейін әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірген үш теннисшіні ойсырата жеңген: қытайлық Чжэн Цинвэнді (7 орын) – 6:2, 4:6, 7:5, америкалық Кори Гауффті (3 орын) - 3 :6, 6:4, 7:6 және Чехия Маркет Вондроусованы (8-орын) - 7:6, 6:2 есебімен жеңген. Айта кетейік, Елена Рыбакина үшін биыл бұл үшінші титул: бұған дейін Рыбакина Қазақстанның үздік теннисшісі Брисбен (Австралия) мен Абу-Дабидегі (БАӘ) турнирлерінде жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ ол WTA рейтингінде 4-орында.