Белгілі фотограф Азамат Кенжеғұлов күш қолданып зорлады немесе жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланды деп айыпталған.
Бүгін Медеу ауданының аудандық соты зорлаушыға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды LIFE09ақпараттық агенттігі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Алматы қаласының тұрғыны Элина зорлау құрбаны болғанын мәлімдеген болатын. Ол тергеудің созылып жатқанын айтты. Оқиға 2023 жылдың 9 наурызына қараған түні Элина достарымен барда демалып жүргендер болған.
Ол қызға коктейль ұсынған. Осыдан кейін жәбірленуші өзін қатты мас сезініпті. Құрбысы екеуі үйге бара жатқанда, күдікті сапарды үш мекен жайға бөлуді ұсынған. Мас күйде, дәрменсіз күйге түскенін пайдаланып, оған айтпастан таксиді тоқтатып, өз үйіне апарып, зорлаған. Қыз көбіне ес-түссіз болған екен.
Азамат Кенжеғұлов Elle Kazakhstan, Esquire, Harper‘ s bazaar сияқты ірі басылымдармен жұмыс жасаған танымал фотограф.
Бір жылға созылған соттың үкімі бүгін шықты. Сот айыпталушыны бес жылға бас бостандығынан айырды.
Бұл іс бойынша жәбірленушінің адвокаты Алия Омарова болды, ал Мөлдір Жумабаева мен Кирилл Шивков жәбірленушіге көмектесіп, оған психологиялық және құқықтық қолдау көрсетті.
Сондай-ақ 26 сәуірде Ұлжан есімді қызды зорлау ісі бойынша үкім жарияланады.