BANNER

Абайлықтарды сенбілікке шақырды

ortalyq.kz

«Таза Казақстан» экологиялық акциясының үшінші апталығы жалғасуда. Яғни, «Жасыл аймақ» деп аталатын апталық аясында игі жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Абай қаласының тумасы әрі ардагер Н.Филипенко абайлықтарды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуға шақырады.

– Қыс кетіп, көктем келді. Осы уақытта қоршаған орта қоқысқа толып кетеді. Мен өз қаламды сүйемін. Әрі таза болғанын да қалаймын. Сондықтан, баршаңызды жаппай сенбілікке шығуға шақырамын. Қала тазалығы – әрқайсымызға байланысты. Сенбілікті үйдің кіреберісінен, ауладан бастайық, – деді қала тұрғыны Н.Филипенко.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

АБАЙ.

Ortalyq.kz