Талдықорғандағы перзентханада екі әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Жетісу облыстық Полиция департаменті екі әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Талдықорған ПБ 2024 жылғы 30 қаңтарда облыстық перинаталдық орталықтың патология бөлімінде А-ның қайтыс болу дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 001-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Соталды тергеу барысында тергеуші 30 қаңтарда сот-медициналық сараптама тағайындады. 9 ақпанда тексеру жүргізу үшін материалдардың көшірмелері "ҚР ДСМ медициналық фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" РММ-ге жолданды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс жүргізіліп, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады Полиция департаменті.