"Көшеде шалбарын шешіп, соңынан қуған": Петропавлда балаларға азғындық жасаған зейнеткер 8 жылға сотталды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі stan.kz сілтеме жасап.
Іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың маусым айында ойын алаңына жақын жерде зейнеткер 13 жастағы балалардың көзінше шалбарын шешіп, оларды қуа бастаған.
"Прокурор азғынды тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамай, оны ақтауды сұрады. Қылмыстық кодекстің 124-бабының 1-бөлігі “Балаларды азғындық жолға түсіру” бойынша бұл үшін жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – делінген хабарламада.
Сот оның зейнеткерлік жасын жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды. Қылмыстық құқықбұзушылықты мас күйінде жасау ауырлататын мән-жай болды.
"Сот ер адамды кінәлі деп танып, оны 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтеу туралы үкім шығарды. Қаскөй педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", – деп жазды басылым.