BANNER

Костенко шахтасынан түтін шығып, 187 кенші эвакуацияланды

ТЖМ сайтынан

Костенко шахтасындағы 4-ші конвейер лентасынан түтін шығып, жұртты әбігерге салды. Абырой болғанда конвейер трассасының электр слесары Айбар Қосановтың арқасында түтін сөндіріліп, шахтадағы барлық адам эвакуацияланды.

Мамандардың алдын ала болжамы да шықты. Айтуынша, төменгі тордың ролигіне бөгде зат түсіп, кейіннен роликтің жұмысын тоқтатып тастаған. Салдарынан конвейер лентасына шамадан артық күш түсіп, түтін шығады. Алайда, слесарь Айбар Қосанов өрт сөндіру құралдарының көмегімен конвейер трассасынан шыққан түтінді өшіріп үлгерген.

«Кеншілер оқиға туралы хабарлаған кезде шахтаның басқару бөлмесіндегі түтін сигнализациясы іске қосылды. Сағат 19:45-те түтіннің шығу себебі жойылды. Алайда, сигнал әлі тоқтамаған. Осы шақта эвакуациялау жоспарын енгізіп, басқа шахталардағы 194 кеншіні шығарып алу қажеттігі туралы шешім қабылданды. Сағат 21:47-дегі жағдай бойынша 187 кенші жер бетіне шығарылды. Оқиғаны бақылау үшін учаске басшылары мен жетекшілерінен жеті жұмысшы жұмыс орынында қалды», – деп түсіндірді төтенше жағдайлар министрлігі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен 6 бөлімше эвакуациялауға жұмылдырылған.

«Шахта қызметкерлері шұғыл және кәсіби түрде жұмыс істеді. Оқиға толық бағдарланғаннан кейін 4-ші ауысым тобы жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды», – делінген хабарламада.