BANNER

Астанада жол жүру ақысы қымбаттайды

pixabay.com

Жазда Астанадағы жол жүру ақысы 20 теңгеге қымбаттайды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесуде айтты.

«Жазда жол жүру ақысы қымбаттайды. Қазіргі 90 теңгелік жол ақысы 10 жыл бұрын бекітілген еді. Бұл уақытта жүргізушілердің жалақысы, бензин құны – бәрі өзгерді. Сондықтан бұл өзгерістің негізі бар. Қазір әкімдік әрбір жолаушы үшін 250-300 теңге субсидия төлеп отыр», - деді Жеңіс Қасымбек.

Қалалық мәслихат регламентке сәйкес, осы шешімді қабылдайды.

Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Қаналимов қоғамдық көлікте жүру ақысын көтеру бастамасын айтқан еді.