Қарағанды облысында жол көлік оқиғасынан бес адам қайтыс болды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
3 мамыр күні Қарағанды-Балқаш тас жолында, Ақсу Аюлы кентіне жетпей "Рено" жүк көлігімен "Тойота" автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі және оның 4 жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері кезінде оқиғаның мән жайы және жол-көлік оқиғасына кінәлі анықталатын болады.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті жүргізушілерден, жылдамдықты шектен тыс асырмауды және жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұрайды.