BANNER

«Астана» клубының көшбасшы велошабандозы денсаулығына байланысты Италиядағы турнирді аяқтады

Сурет: Pro Team Astana

Astana Qazaqstan Team командасының көшбасшы велошабандозы Алексей Луценко сырқатына байланысты Джиро д’Италия турнирінің тоғызыншы кезеңіне қатыспады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Life09 ақпарат агенттігі.

Қазақстан чемпионы бірнеше күн бойы денсаулығы нашарлаған соң турнирді аяқтауға мәжбүр болған.

«Өкінішке қарай, Алексей синусит пен жедел фебрильді фаринготрахеитке байланысты Джиро д'Италиядағы өнерін жалғастыра алмайды. Шешім бүгін таңертең соңғы тексеруден кейін қабылданды», - деді команда дәрігері Эмилио Магни.