BANNER

29 жастағы боксшы жекпе-жектен кейін қайтыс болды

Сурет: pixabay.com

Британиялық боксшы Шериф Лаваль 12 мамырда кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Ол отандасы Малам Варелаға қарсы жұдырықтасқан еді. Төртінші раундта Лаваль самай тұсынан соққы алып, есінен танып қалды. Төреші Ли Эвери нокдаун жариялау үшін санай бастағанмен, жекпе-жекті тоқтату керек деп шешті.

Дәрігерлер дефибрилляторды қолданар алдында спортшыға 10-15 минут ішінде алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ауруханаға жедел жеткізілгенмен, боксшы есін жимастан көз жұмды. Осы оқиғадан кейін бокс кеші тоқтатылды.

Шериф Лаваль 2018 жылдан бері бокспен айналысқан екен.