BANNER

Блогер Антон Бударов Салтанат Нүкеноваға жала жапқаны үшін айыпталды

Сурет: pixabay.com

20 мамырда Бостандық сотының шешімімен блогерге Instagram желісіндегі ресми парақшасында бұрынғы жазбасын теріске шығару және Айтбек Амангелдіге 650 мың теңге сот шығынын өтеу міндеттелді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Еске салайық, Бударов 2023 жылдың 14 желтоқсанында әлеуметтік желіде марқұм Салтанат Нүкенованың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін ақпарат жариялаған болатын.

Соның ішінде оны «абьюзер» және «алаяқ» деп атаған болатын.