BANNER

Қарағанды облысында жолаушылар автобусынан өрт шықты

-

Қарағанды облысында жолаушылар автобусынан өрт шықты, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тас жолының 27 шақырымында жолаушылар автобусының мотор бөлшегі жанған.

Өрт кезінде автобуста 15 жолаушы болған, оның ішінде 7 бала көліктен өздіктерінен шыққан.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.