BANNER

Қазақстанда ер адам бірден 42 айлық зейнетақысын алды

pixaboy

Қазақстанда ер адам бірден 42 айлық (3,5 жыл) зейнетақысын алды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы бас прокуратурада Берік Асылов Конституциялық соттың төрағасы мен судьяларымен өткен кеңес барысында айтты.

"Азамат Б. соттан тыс зейнетақысынан айырылған соң үш жарым жыл бойы түрлі мемлекеттік органдар мен соттарға шағымданып келген. Конституциялық сотқа жүгінгеннен кейін ғана оның зейнетақысы қалпына келтіріліп, бұған дейін заңсыз тоқтатылған зейнетақысы толық мөлшерде төленді. Оған 2 млн теңгеден астам ақша аударылды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратураның мәліметінше, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында азаматтардың жалпы сомасы 20 миллион теңгеден астам зейнетақы құқықтары қалпына келтірілген.