Оқыс оқиға Индербор ауылында болған,-деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі orda.kz порталына сілтеме жасап.
Туыстарының айтуынша, 15 жастағы жасөспірім Жайық өзенініне шомылуға кетіп, үйіне оралмаған.
«29 мамыр күні сағат 04:48-де Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен жасөспірімнің денесі судан шығарылды» деп жазады Атырау ТЖД желідегі парақшасында.
Құтқарушылар балаларды су басқан аумақтарға жібермей, олардың қауіпсіздігін қадағалауды сұрайды.