Ведомство алаяқтар «Антикор» қызметкерлері мен басшылығы атынан қазақстандықтарға телефон соғып жатқанын айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап.
Алаяқтар мессенджерлерден Telegram және WhatsApp-ты пайдаланып, жалған аккаунттар арқылы шығады.
«Біз сіздерден жалған пошталық тізімдерге сенбеуді, күмәнді сілтемелерді баспауды және мұндай адамдарға ақша аудармауды сұраймыз» дейді департамент.
Егер сізге осындай қоңырау келсе, дереу полицияға хабарласыңыз.