BANNER

«Жуан таяқпен ұрған»: Түркістан облысында жаппай төбелес болды

Фото: видео скрин

Түркістан облысында бірнеше ер адамның арасында төбелес болды. Олар бір-бірін тек жұдырықпен емес, жуан таяқпен ұрған, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Видео авторының айтуынша, төбелес Атакент ауылындағы көшелердің бірінде болған.

Түркістан облысының полиция департаменті төбелеске қатысқандардың бәрі ұсталғанын мәлімдеді. 

"Түркістан облысының полицейлері Мақтаарал ауданындағы ауылдардың бірінде бір топ жастың бұзақылық әрекетінің жолын кесті. Күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталып жатыр", - деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.