Қызылордада дене шыңықтыру пәнінің мұғалімін өлтірді деген күдікпен мектеп мұғалімі ұсталды,- деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz сілтеме жасап.
Желіде Қызылордада қала мектептерінің бірінің мұғалімі өз әріптесі – дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтіргені туралы ақпарат тарап жатыр. Ақпаратты Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Полиция бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындады.
«Оқиғаның мән-жайы анықталуда, күдікті қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді» деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, екі мектеп қызметкері де 31 мамырда еңбек демалысына шыққан. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.