Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың қамқоршыларына IT-маман мансабын игеруге көмектеспек. Жобаға 20 маусымға дейін өтінім беруге болады.
Жобаның мақсаты-сұранысқа ие мамандықтарға оқытып қана қоймай, жұмысқа орналасуға көмек беру.
Курс төрт айлық теориялық сабақтан және екі айлық тәжірибеден тұрады. Онда оқушылар Қарағандының IT-компанияларында сыннан өтеді.
Курстарды цифрлық кәсіп мамандарын оқытуда тәжірибесі бар, халықаралық технопарктердің сертификатталған сарапшылары жүргізеді.
Оқу 5 шілдеде басталады.
Өтетін орны: "Террикон алқабы" IT-хабы (Алалыкин көшесі, 12).
Қосымша ақпарат және тіркелу телефоны: +7-776-5-444-666.