2024 жылғы 10 маусымда Қарағанды облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу шаралары өткізіледі, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Іс-шараларды өткізу ауданында автокөлік қозғалысына тиісті шектеулер енгізіледі.
«Осыған орай, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз», – делінген Қарағанды облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының хабарламасында.