BANNER

Онкологиялық көмек көрсететін call-орталық іске қосылды

Pixaboy

Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша нөмірі 8 (7172) 570 950 болатын республикалық call-орталықтың жұмысын бастады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Осы нөмірге хабарласып, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініш қалдыруға болады, оның ішінде емделуден және көмек көрсетуден бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады.

Әрбір шағым мұқият қаралып, тиісті медициналық көмек көрсету бойынша шаралар қабылданатын болады.