BANNER

Қарағанды облысында полиция ұрлыққа қатысы бар күдіктіні анықтады

Фото: polisia.kz

Қарағанды облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері арнайы техникалардың құрылғыларын ұрлаған азаматты анықтады,-деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Polisia.kz сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары қала сыртында өздеріне бекітілген аумақта қызмет атқару барысында 41 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан. Аталған көлікті тексеру барысында полиция қызметкерлері 26 металл бөлшекті тауып алды. Белгілі болғандай, жүргізуші жалпы құны 500 мың теңгеден асатын бұрғылау муфталарын әкетіп бара жатқан. Тексеру барысында жүргізушіде аталған заттарды тасымалдау бойынша ешқандай құжаттар болған жоқ. Содан ол көліктегі заттарды қаладағы мекемелердің бірінен ұрлап алғанын мойындады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.