BANNER

Қарағанды қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр

Сурет автордан

Қарағанды қаласын газдандыру жобасы 4 кезекті және 16 іске қосу кешенін қамтиды. 1-ші кезекте Қазыбек би атындағы аудан газбен қамтамасыз етіледі. Ал, 3 іске қосу кешенінің жұмысыаяқталды. Биыл мамыр айының 28-ші жұлдызында жеке тұлғалар үшін қосылуға 3 046 техникалық шарт берілді. Нәтижесінде 2 459 үй газ жүйесіне қосылды. 

Жасалып жатқан жұмыстың барысы бойынша жұмысшылар мен қала тұрғындарының пікірін біліп қайттық.

Мұрат Камалиев, Қарағанды қаласының құрылыс бөлімінің басшысы:

– Газ кіргізу бойынша жасалып жатқан жұмыстардың барлығын қазан айының аяғына дейін аяқтау жоспарланған. 5-ші кешен бойынша 2500-ге жуық үйге газ кіргізу жұмыстары жүргізілуде. Барлық атқарылып жатқан жұмыстар уақытымен жүзеге асуда.

Life09
Абикен Кушкенов, қала тұрғыны:

– Қанша жылдан бері от жағып, күл шығарып келе жатқан біздер үшін газ деген өте жақсы жаңалық болды. Технологиялық процестері жаңа тәсілмен жүргізіліп жатыр, ешкімнің тыныштығын бұзбай, жұмыстар жақсы жасалуда. Жауапты мамандардың айтуынша қазан айына дейін көгілдір отынды үйге дейін кіргізіп береміз дейді. Қыс бойы 7 тонна көмір жағатын біздерге көгілдір отын – бағасы бойынша да, экология тазалығына да өте тиімді болып отыр. 
Life09

Амандық Тәңірбергенов, «ҚазақГазАймақ» АҚ басшысының орынбасары: 

– Тұрғындардың орталық жүйеленген газ жүйесіне қосылуы үшін біз барша халыққа ескерту жұмысын жүргіземіз. Газға қосылу тәртібі мынадай: ең алдымен техникалық шарт алу, ол бізде тегін. Техникалық шарт алу үшін тұрғын ең алдымен арыз жазады, үйінің техникалық паспортын, жер актісін және өзінің жеке куәлігін көрсету керек. Ары қарай тұтынушымыз кез келген мердігер компания тауып, құрылыс жобасын жасатып, құрылыс жұмыстарын жасатады. Құрылыс жұмысы біткеннен кейін біздің мамандар тариф бойынша жұмыс жасайды. Барлық шығындар мен жұмыстың ауқымы есептелгеннен кейінгі қазіргі тариф бағасы 38 теңгені құрайды.

Life09