Демалыс күндері, 15 және 16 маусымда Қарағандыда түрлі бағдарламалар ұйымдастырылады. Келушілер өз талғамына сай және көңіл-күйіне қарай түрлі жанрлардығы әндерді тыңдай алады. Би және спорттық жарыстар өтеді. 16 маусымда саябақтар мен алаңдарда Әкелер күні атап өтіледі.
15 маусым
Орталық саябақ
16:30 – спорттық-би кеші;
18:00 – «Музыка нас связала» фортепиано кеші.
16 маусым
Орталық саябақ
17:00 – «Әке – отбасының тірегі» концерттік бағдарламасы, балалар мен әкелерге арналған стритбол, шағын футбол бойынша турнирлер, гір көтеру бойынша сайыс;
19:00 – бард әндер кеші. Мереке Түлепбеков өнер көрсетеді.
Майқұдық саябағы
17:00 – «Әке – асқар тау» концерттік-ойын-сауық бағдарламасы және спорттық сайыстар;
18:00 – Қали Байжанов атындағы КБ концерттік бағдарламасы.
«Молодёжный» Мәдениет сарайының алаңы
17:00 – «Мы желаем счастья вам!» концерттік бағдарламасы және «Мен және әкем» суреттер байқауы.
Теміржолшылар мәдениет сарайының алаңы
17:00 – «Мой папа – мой герой» концерттік бағдарламасы және «Әке мен бала» чемпионаты.