BANNER

Түркияда Құрбан айттың бірінші күні 16 мың адам жарақат алды

Сурет: pixabay.com

Елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджаның айтуынша, құрбандыққа шалу дәстүрі процесінде кезінде көптеген адам жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.

Құрбан айт мейрамының бірінші күні елдегі медициналық мекемелерге жануарларды құрбандыққа шалу кезінде жарақат алған 16 мыңдай адам жүгінген, - деп жазды министр Х (бұрынғы Twitter) желісінде.

Сонымен қатар, ведомство басшысы Анкарада – 1274 адам, Ыстанбұлда – 840 адам және Измирде 416 адам зардап шеккенін нақтылады.