BANNER

Қарағанды облысында келер жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

Қарағанды облысында 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне белсенді дайындық жүріп жатыр. Инженерлік жұмыстардың арнайы жоспары әзірленді.

Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, 162 іс-шара жоспарланған. 

Олардың қатарында өзен арналарын санациялау, елді мекендерде қорғаныс біліктерін орнату және нығайту, автожолдарда су өткізу қабілетін арттыру, арықтарды қалпына келтіру, тазарту, жөндеу және кеңейту, нөсер кәрізі мен коллекторлық-дренаждық жүйелер, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу, гидропосттар ашу және т. б. бар.

"Бүгінгі таңда 5,2 шақырымға жуық қорғаныс біліктері салынып, нығайтылды, автомобиль жолдарының үш учаскесінде су өткізу қабілеті артты. 162 іс-шараның 15 тармағы орындалды, 99-ы іске асырылуда", – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.