Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрығымен Кәсіби мерекелердің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі El.kz сілтеме жасап.
Еңбек министрлігінің 11 маусымдағы бұйрығына сәйкес тізімге мыналар қосылған мерекелер:
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;
- ТКШ саласы қызметкерлерінің күні – 16 сәуір;
- Метрология қызметкерлері күні – 20 мамыр;
- Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;
- Аңшылық жұмысшылар күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
- Жоғары білім қызметкерлері күні – 1 қазан;
- Стандарттау қызметкерлері күні – 14 қазан;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.
Бұйрық 2024 жылғы 17 маусымда күшіне енді.