BANNER

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болды

Фото: el.kz

Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрығымен Кәсіби мерекелердің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі El.kz сілтеме жасап.

Еңбек министрлігінің 11 маусымдағы бұйрығына сәйкес тізімге мыналар қосылған мерекелер:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;
  • ТКШ саласы қызметкерлерінің күні – 16 сәуір;
  • Метрология қызметкерлері күні – 20 мамыр;
  • Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;
  • Аңшылық жұмысшылар күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
  • Жоғары білім қызметкерлері күні – 1 қазан;
  • Стандарттау қызметкерлері күні – 14 қазан;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.

Бұйрық 2024 жылғы 17 маусымда күшіне енді.