BANNER

Елорданың екі тұрғыны мекемеден 8 миллионның теледидарын ұрлаған

Фото: polisia.kz

Елорда полицейлері мекемеден плазмалық теледидар ұрлаған екі қала тұрғынын қолға түсірді, – деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Polisia.kz сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен екі азаматты анықтады. Олар 24 және 25 жастағы елорда тұрғындары.

Ер адамдар мекеменің бірнеше ай бойы жұмыс істемейтінін байқап, қылмыстық ниетпен әрекет еткені анықталды. Түнгі уақытта қаскүнемдер кіреберіс есікті бұзып ашып, үй-жайға кірген және 8 дана “LG” және “Sumsung”  теледидарын алып шыққан, осылайша 3 млн теңге сомасында материалдық шығын келтірген.

Автокөлікке техниканы жүктегеннен кейін олар қылмыс орнынан қашып, ұрланған заттарды ломбардқа өткізген.

Жедел қызметкерлер қаскүнемдердің теледидар ұрлаудың тағы бір фактісіне қатысы бар екенін анықтады.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға мұқият және қырағы болуға кеңес береді. Күзет дабылын орнату – тұрғын үйді заңсыз кіруден қорғаудың сенімді әдісі.