BANNER

Пришахтинскідегі Шахтёрский кенті орталық жылытуға қосылады

Қарағанды облысы әкімдігі сайтынан

30 жыл бойы Шахтёрский кенті тұрғындары пәтерін пешпен немесе электр құрылғыларымен жылытып келді. Бірақ алдағы жылыту маусымында жағдай өзгереді. Кентте жаңа жылу трассасының құрылысы аяқталды, оған алғашқы үйлер қосыла бастады. Осы қыста 62 үйдің 39-да орталық жылыту жүйесіне қосылады. Қалған үйлер келесі жылы жоспарда.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жылуға қосылу бойынша жұмыстың қалай жүріп жатқанын тексерді.

Пришахтинскідегі жылу магистралінжөндеу жұмыстарынан кейін көпжылдық мәселе шешіле бастады.

Одан ұзындығы 5,3 шақырым жаңа құбыр созылды, сорғы станциясы салынды.

– Шахтерскийдің 39 көпқабатты үйінің тұрғындары биыл Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығынан пайызсыз несие алып, үйлерін орталық жылытуға қоса алады. Қазір біз түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жоба екі жылға есептелген. Келесі кезекте қалған үйлерді қосамыз, – деді Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімінің орынбасары Әлібек Дүйсенбеков.

Құбырлар қазірдің өзінде барлық көпқабатты үйлерге тартылған.

Олардың сегізінде үй ішіндегі ажыратқыштар орнатылуда.

– 30 жылдан астам уақыт бойы біз пәтерлерде пеш жағып, жертөледен көмір көтеріп, күл шығардық. Бұл өте қиын, әсіресе зейнеткерлерге. Енді көршілерімізбен жаңа жылу трассасы тартылғанына қуанып жатырмыз, үй ішілік құбырларды монтаждау жүріп жатыр. Қыста үйміз жылы болады деп үміттенеміз, – дейді Шахтёрский кентінің тұрғыны Николай Богдан.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жаңа сорғы станциясына барып, тұрғындармен сөйлесті.

– Бізде орталықтан жылыту мәселесін шешу міндеті тұрды. Келесі жылы бұл жұмысты толығымен аяқтаймыз. ТББ ауданы қалып отыр енді, онда да орталықтан жылыту жүйесіне қосуды қажет ететін үйлер бар. Бірақ біз оны газдандыру арқылы шешуді ойластырып жатырмыз. Жалпы, Пришахтинск проблемаларын біртіндеп шешеміз. Қоғамдық көлікке қатысты шағымдар болды – желіге жаңа автобустар шығарылды. Мұнда жаңа Оқушылар сарайы салынды, келесі жылы біз заманауи мектеп салуды бастаймыз. 22-ші шағын ауданда 160 орындық балабақша пайда болады, инвестор бар. Біз біртіндеп жолдарды жасаймыз. Бірақ қазір ең бастысы – үйлеріңізді орталық жылу көзіне қосу, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.