BANNER

Павлодарда 34 жастағы әйел терезеден құлап, ағашқа ілініп қалған

Фото: Арман Мухатов

Павлодарда 34 жастағы әйел терезеден құлап, ағашқа ілініп қалды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ТЖМ құтқарушылары пәтерден құлаған әйелге көмекке келді.

Павлодар облысының Ақсу қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің жанында құтқарушылар күшімен үшінші қабаттағы пәтерден құлаған 1990 жылы туған әйел ағаштан түсірілді.

Құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен көтеріліп, құтқарылған әйелді жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Төтенше жағдай туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалу қажет.