BANNER

Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі жабылады

Фото: unsplash.com

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Сығанақ көшесі бойынша жол төсеміне жөндеу жүргізеді, – деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Aikyn.kz сілтеме жасап.

Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына байланысты 25 маусым сағат 00:00-ден 28 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. 

Қала тұрғындары мен қонақтарына жол жүргенде кептелісте қалмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау қажет екенін еске саламыз.