Құрбан айтта Оралдағы базарда газ баллоны жарылып, 10 адам зардап шеккен еді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы жасөспірім, тағы бір адам әлі жансақтау бөлімінде жатқанын, екі ересек адам политравматология бөліміне ауыстырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
16 маусымда қаладағы базарлардың бірінде құрбандыққа арналған малдың басын үйітіп жатқан кезде газ баллоны жарылған еді. Бүгін, 25 маусымда денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі екі адамның жансақтау бөлімінен политравматология бөліміне ауыстырылғанын хабарлады.
«Екі адам емделіп шықты. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр. Төрт науқас политравматологиялық бөлімшеде емделіп жатыр, жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Бір бала әлі жансақтау бөлімінде, екіншісі травматология бөлімінде жатыр. Балалардың жағдайы ауыр, оларға қажетті ем-дом тағайындалды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, ТЖМ өкілдері Оралдағы мал базарындағы жарылыстан 10 адам зардап шеккенін жазған еді.