BANNER

Қуаныш Мақсұтов – халықаралық фестивальдың Бас жүлдегері

Суреттер: Қуаныш Мақсұтовтың Facebook парақшасынан

Қырғызстанда «Поющий Иссык-куль – 2024» халықаралық авторлық ән фестивалі өтті. Әлемнің бірнеше елінен қатысқан өнер иелерінің ішінде қазақтың «Сары тентегі» Қуаныш Мақсұтов та өнер көрсетіп, фестивальдің Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Жерлесіміз аталмыш фестивальде өзінің авторлық әндерін шырқаған.

Бард

"Қазақ тілінде орындаған туындыларымды жоғары бағалаған Халықаралық қазылар алқасына мың алғыс! Бұл – әлемге танымал ән авторлары мен орындаушылар, бардттар қатысқан өнер додасындағы қазақ барды мен шансонының, қазақтың авторлық әнінің халықаралық аренадағы үлкен жеңісі", – дейді Қуаныш ақын.

Айта кетейік, аталған фестивальдің «Ұлттық әндер авторы» аталымында өнер көрсеткен тағы бір қарағандылық өнерпаз Сұлупаң Сұлтанова «Іңкәр көңіл» әнін орындап, халықаралық фестивальдың дипломанты атанды.

Фестиваль