BANNER

6 айда 102 бала терезеден құлап кетті

Фото: ТЖМ

Жыл басынан бері Қазақстанда балалардың терезеден құлауы туралы 102 хабарлама түсті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Соның ішінде 7 бала қайтыс болды. 95-і жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай оқиғалардың күн жылығанда және жазғы демалыс кезінде жиі болатынын атап өтті.  Балалар көбінесе ауыр жарақат алады, мүгедек болып қалады немесе қайтыс болады.

 

Өткен жылы осыған ұқсас 170 жағдай тіркелді. Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарды осы кезеңде ерекше сақ болуға шақырады.