Ақ үй президент Джо Байденнің коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.
АҚШ президенті осыған байланысты Лас-Вегаста өтетін конференцияға қатыса алмайды.
Байденнің сырқаты туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер хабарлады. Ол президент Делавэрдегі резиденциясында оқшауланатынын айтты. Сөйте тұра ол АҚШ президентінің міндетін атқара береді.
«Ол бірнеше рет вакцина алған, сырқат жеңіл өтіп жатыр», - деді Жан-Пьер.