BANNER

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Фото: yandex.kz

19 шілдеде еліміздің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды. Синоптиктердің болжамынша, кей өңірде найзағай ойнап, жаңбыр және бұршақ жауса, кей өңірде аптап ыстық болады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с, кей уақытта 18 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.