BANNER

«Өз пайдасын ойлап жүр»: Жігер Ауыпбаев қамалған Қайрат Нұртас туралы айтты

Сурет: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев басы дауға қалып, елдің қызу талқысына түскен Қайрат Нұртастың оқиғасына қатысты пікір білдіріп, Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

"Жігіттердің арасында «тоқылдақ» деген атты жігіттік сипаттан кеткен адамға тағатын еді. Еңгезердей жігіттің болмайтын әңгімеге бола арыз жазып, 15 тәулікке қаматып жібергені ұят енді. Жігітше екеуара шешсе де болар еді ғой. Қайрош досым! Еш мойыма. Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді?! Сен өте ақкөңіл жансың ғой. Ақ көңілдігіңді пайдаланып, сенің кең құшағыңа білдірмей кіріп алып, өз пайдасын ойлап жүргендер бұл өмірде болмаса да, ақыретте жауап берер. Сатқындық! Сен еркексің", – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, 5 шілдеде әнші Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалды. Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 434-бабының 2-бөлігінде көрсетілген әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

"2024 жылы 4 маусым кешкі сағат 20:00 шамасында Алматы – Астана бағытындағы рейс бортымен Қайрат Айдарбеков (Қайрат Нұртастың құжаттағы аты-жөні – ред.) өзінің танысымен бірге ұшқан. Ол екеуі сөзге келіспей қалып, Айдарбековтің өзі Бекқайыровқа қасақана жеңіл дәрежедегі дене жарақатын салғанын мойындап отыр. Алайда сот барысында екеуі татуласып, істі қысқартуды сұрады. Сондықтан іс бұл бөлігі бойынша қысқартылады", – деді судья Ұлдана Сүлейменова.