BANNER

22 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Фото: unsplash.com

"Қазгидромет" РМК 22 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің көптеген аймағында аптап ыстық болады. Алматының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Ұлытау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жанбыр болады. Түнде облыстың батысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.