Қарағанды облысының колледждері мен жоғары оқу орындарының түлектері мемлекеттік жобалардың көмегімен мамандық бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндігі бар. "Жастар практикасы", "Бірінші жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" – жеке немесе мемлекеттік ұйымға жұмысқа орналасудың нақты мүмкіндігі.
Осы жылдың шілде айының ортасына дейінгі жағдайға сай Қарағанды облысы бойынша жастарға арналған жобалар бойынша 4 мыңнан астам бос жұмыс орны бар.
"Жастар практикасы" 5 жыл бұрын оқуын аяқтаған 35 жастан аспаған қазақстандықтарға арналған. Жұмыс уақытша, қатысу мерзімі 12 айдан аспайды. Жалақысы 30 АЕК-тен кем емес.
Кәсіби білімі жоқ жастар үшін "Бірінші жұмыс орны" қолайлы. Мұнда жұмыс ұзақтығы 18 айдан аспайды. Жалақыны мемлекет төлейді. Жобаға қатысу аяқталғаннан кейін жұмыссызға тұрақты жұмыс орны беріледі.
Тағы бір жоба – "Ұрпақтар келісімшарты". Жұмыс орны зейнеткерлік жасқа жақындап қалған жұмыскерлердің жинақтаған тәжірибесін жастарға беруі үшін құрылады. Жұмыс ұзақтығы 6 айдан аспайды. Жалақыны мемлекет төлейді. Бұл мерзім аяқтағаннан кейін жобаға қатысушы зейнеткерлікке шыққан қызметкерді ауыстырады.
Бүгінгі таңда Қарағанды өңірі бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығы аталған жобалар бойынша 4919 жұмыс орнына 1778 шарт жасасты.
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша