BANNER

«Білім ордасындағы жанжал»: Талдықорғанда 20 бухгалтер сотталды

Фото: unsplash.com

Алматы облысы Талдықорған қаласындағы білім мекемелеріндегі даулы мәселеге қатысты сот ісі аяқталды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық білім бөлімінің бұрынғы бас бухгалтері Мадлен Сергазинова алаяқтық қылмыстары үшін және қылмыстық топ құрғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сергазинова өткен жылдың көктемінде Панфилов ауданында 2,5 миллиард теңге ұрламақ болған жерінен ұсталды. Тергеу барысында одан 14 пәтер, 7 коммерциялық нысан, 21 жылжымайтын мүлік және Land Cruiser автокөлігі табылды.

Сондай-ақ, Сергазинованың орынбасары, орталық аппараттың екі қызметкері және экономист ұсталды. Жалпы ұрланған қаржы мөлшері 4,6 миллиард теңге. Сот нәтижесінде 15 бухгалтер 7-13 жыл аралығында бас бостандығынан айырылды.