BANNER

Шымкентте 18 жастағы жігіт жүрегін беріп, донор болды

Фото: видео скрин

Бүгін Шымкентте жүректі ауыстыру операциясы жүріп жатыр. Донор 18 жастағы азамат екен, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі otyrarkz-ке сілтеме жасап.

Мәліметтерге сенсек, донор жол апатынан зардап шегіп, ауруханада көз жұмды. Енді оның жүрегі басқа адамға ауыстырылады. 

Бейнежазбада жүректі трансплантациялау үшін арнайы қорапқа салып, алып жатқаны байқалады. Басқа ақпараттар анықталып жатыр.

Трансплантацияны Шымкент қалалық кардиологиялық орталығының дәрігерлері Сүйгенбаев Дархан, оператордың көмекшісі Балымов Жасарал және анестезиолог Перменов Бекжан жүргізеді.