Ферроқорытпа зауытында зардап шеккен екі азаматтың беті бері қарады. Бұл туралы профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматологиялық орталығының басшысы Берік Тулеубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
«Әріптестер, қайырлы күн! Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың комбустиология бөлімінде орналасқан Қарағанды ферроқорытпа зауытының зардап шеккен екі жұмыскеріне жалпы жағдайының жақсаруына байланысты емдеу режимі жеңілдетілгенін хабарлаймыз. Енді пациенттер палатада қозғала алады, жақын туыстарының келуіне рұқсат етіледі», – деп хабарлады профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматологиялық орталығының басшысы Берік Тулеубаев.
Екі пациент әлі де өте ауыр жағдайда реанимация бөлімінде. Дәрігерлер олардың өмірі үшін күресіп жатыр.