Түркістан облысында 16 жасар қыз селфи жасамақ болған кезде тепе-теңдігін жоғалтып, Сайрамсу көліне құлап кетті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ke сілтеме жасап.
Қатты ағыс салдарынан тастардың арасында қалып, шыға алмай қалды.
Жасөспірімінің суға батып кеткені туралы хабарлама Түркістан облысы ТЖД жедел-диспетчерлік қызметінің басқару пультіне 28 шілде күні сағат 10:41-де келіп түсті.
Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 37 қызметкері, 1 қайық пен 4 техника, 6 қызметкер жұмылдырылды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың 3 техникасы мен 11 қызметкері де олардың қатарына қосылды.
Құтқарушылар екі күнен бері Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы Сайрамсу көлінің арнасын, жағалау сызығын, сондай-ақ төменгі ағыста іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.